КӘЖ

RG Gold компаниясы Ақмола өнеркәсіптік өңіріндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы .

Қызметкерлерді қорғау, өндірістік цехтардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, Компанияның мүлкі мен беделін сақтау біз үшін басым болып табылады. Сонымен бірге біз қоршаған ортаға залал келтірместен, алтын өндіру көлемін арттыруға тырысудамыз. Су ресурстарын тиімді пайдалану, ластағыш заттардың шығарындыларын азайту, қауіпті қалдықтардың түзілуін төмендету және төгінділердің алдын алу RG Gold компаниясының қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша алдын алу шараларының маңызды элементтері болып табылады.

Біз еңбекті, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау бойынша қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ақпарат беру мақсатында билік өкілдерімен, жұртшылықпен, кәсіпорын жұмыскерлерімен, олардың ой-пікірлері мен үміттерін ескере отырып, ашық диалог құруға ұмтыламыз.

Біз операциялық және жобалық қызметімізбен үйлесімділікте жауапкершілікпен, тиімді әрі қауіпсіз жұмыс істеу мақсатында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін жақсартуға барлық күш-жігерімізді жұмсаудамыз және басқарушылық бақылаудың ең жоғары стандарттарын ұстанамыз.Ол үшін біз қауіпсіздік жөніндегі негіз қалаушы саясатты әзірледік. Сонымен қатар біз осы саладағы және одан тыс басқа да тау-кен ұйымдары үшін үлгі болуға үміттенеміз.

Біздің қағидаттарымыз: .

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ аспектілерін басқару жүйесіндегі негізгі қағидаттарымыздың бірі – еңбекті қорғау және кәсіби қауіпсіздік тұрақты даму мен үздіксіз жетілу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және одан бөлек қарастырылмауы тиіс.

Біз денсаулықты қорғау және кәсіби қауіпсіздік саласындағы негізгі қағидаттарға қол жеткізуден еш тайынбаймыз және соған ұмтыламыз:

01

Кәсіпорын қызметкерлеріне зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін үнемі азайту

02

Үнемі қауіп-қатерлерді анықтау, тәуекелдерді бағалау, тәуекелдерді басқару бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау

03

Қауіпсіз еңбекті насихаттау

04

Жиілігі, ауырлығы бойынша жарақаттану және жазатайым оқиғалар көрсеткіштерінің нөлдік деңгейіне қол жеткізу, кәсіптік ауруларды төмендету

05

Кәсіби білім мен дағдылар деңгейін арттыру

06

Еңбекті, денсаулықты қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша заңнаманы, нормативтік актілерді және басқа да талаптарды сақтау

Өмір үшін маңызды қауіпсіздік ережелері .

Қауіпсіздік – бұл барлық қызметкерлердің шешімдеріне, әрекеттері мен мінез-құлқына негіз болатын RG Gold-тың негізгі қағидаттарының бірі. Басшылықтың қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы Өмір үшін Маңызды жаңа 12 Қауіпсіздік Ережесінде айқын көрініс тапқан.

RG Gold-де немесе онымен бірге жұмыс істейтін әрбір адам өзінің жеке басының қауіпсіздігіне, сондай-ақ айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапты. Бұдан бөлек, желілік басшылар өздерінің тікелей қол астында жұмыс істейтін қызметкерлер мен басқа да адамдар үшін айрықша жауапты болады.



RG Gold-тың Өмір үшін маңызды 12 қауіпсіздік ережесі

    тағы көрсету
  1. 01 Жұмысқа тек оқытудан өткен білікті қызметкерлер ғана жіберілетін болады.
  2. 02 Біз қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманы сақтауға және табиғатқа зиян келтірмеуге тырысамыз.
  3. 03 Еңбекті қорғауға, қауіпсіздік техникасына және қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық оқыс оқиғалар туралы міндетті түрде хабарлау, сондай-ақ олардан сабақ алу қажет.
  4. 04 Көлік құралдарымызды пайдалану әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып әрі жауапкершілікпен, сондай-ақ берілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
  5. 05 Біз мердігерлеріміздің КОМПАНИЯНЫҢ қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізу үшін оларды іріктейміз және бақылаймыз.
  6. 06 Біз қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді түсінуді және олардың көздерін бақылауды қамтамасыз ету қажет болған жерлерде рұқсат-наряд беру жүйесін пайдаланатын боламыз.
  7. 07 Біз алкоголь мен есірткіге мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанамыз.
  8. 08 Біз жабдықтарды жөндеу немесе оларға қызмет көрсету кезінде электр энергиясының / жабдықтың сөндірілгенін тексеру үшін LOTO жүйесін (бұғаттау және ажырату/өшіру жүйесі) қолданатын боламыз.
  9. 09 Біз авариялық құтқару / әрекет ету жоспарын көрсете отырып, жұмысқа берілген тиісті рұқсат-нарядта барлық тәуекелдерді қарастырып талдаймыз.
  10. 10 Біз тәуекелдерді бағалап, жүк көтеру жұмыстарының жоспарына сай әрекет етіп, тиісті аумақты нақты белгілеп шығамыз.
  11. 11 Биіктіктегі жұмыстарды орындау үшін біз тек сертификатталған және тексерілген жабдықтарды ғана қолданатын боламыз.
  12. 12 Барлық қажетті жағдайларда біз дұрыс таңдалған, тиісті қалпында сақталатын және нақты міндеттерге / қауіп-қатер көздеріне сай келетін ЖҚҚ-ны пайдаланатын боламыз.
Бізге жазыңыз
png, txt, jpg
Мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін және олардың дұрыстығын растаймын
Бізге жазыңыз
png, txt, jpg
Мен дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін және олардың дұрыстығын растаймын

Рахмет. Сіздің хабарламаңыз жіберілді

Қате! Әрекетті қайталап көріңіз

Рахмет. Сіз біздің ақпараттық жіберілімге сәтті жазылдыңыз!